Онлайн форматтағы халықаралық кездесу
Атырау университетінің Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры БахытАлтынбасовтың бастамасымен Ташкент мемлекеттік заң университетімен онлайн форматта ресми кездесу өтті.
Кездесудің басты мақсаты – халықаралық серіктестікті кеңейту және академиялық ынтымақтастықты жаңа деңгейге көтеру.
Жиында тараптар бірлескен ғылыми жобалар, академиялық ұтқырлық, қос диплом бағдарламалары, жазғы мектеп ұйымдастыру және language course курстарын ашу бағыттарын талқылады.
Халықаралық басқарманың жетекші маманы университеттің халықаралық беделі, QS рейтингіндегі орны және шетелдік ЖОО-лармен тығыз байланысы туралы айтып, меморандум жасауға ұсыныс білдірді.
Халықаралық басқарманың жетекші маманы университеттің халықаралық беделі, QS рейтингіндегі орны және шетелдік ЖОО-лармен тығыз байланысы туралы айтып, меморандум жасауға ұсыныс білдірді.
Халықаралық басқарманың жетекші маманы Узаков Бобур Учкунович Ташкент мемлекеттік заң университетін таныстырды. Ол бұл оқу орнының Өзбекстандағы заң саласы бойынша жетекші және жоғары деңгейлі университеттердің бірі екенін атап өтті. Сондай-ақ, университеттің QS халықаралық рейтингінде лайықты көрсеткішке ие екенін және шетелдік жоғары оқу орындарымен көптеген серіктестік келісімшарттарға қол қойғанын айтты. Бұдан бөлек, академиялық ұтқырлық бағдарламасы аясында студенттермен алмасу жүйесі белсенді түрде жүзеге асырылып жатқанын жеткізді. ҚР университеттерімен тығыз жұмыс жасауда екенің айтты. Меморандумға отыруға ұсынысын білді.
Инвестициялар жөніндегі бөлім басшысы Шарипова Хилола университеттің инвестициялық және халықаралық жобалары жөнінде ақпарат беріп, жазғы мектеп бағдарламасына қатысуға шақырды.
Кездесу қорытындысында тараптар өзара ынтымақтастықты нығайтуға және ресми келісімшарт жасауға дайын екендерін атап өтті.