Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде 23 сәуір — Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған “Кітап сыйла” акциясы өз жалғасын табуда.
Аталған игі шара аясында университеттің ғылым және инновациялар жөніндегі проректоры Қансұлу Өтепқалиева және Ғылым департаментінің ұжымы ғылыми кітапхана қорына құнды кітаптарды сыйға тартты.
Акцияның мақсаты — университеттің интеллектуалдық және мәдени мұрасын сақтау әрі толықтыру. Сонымен қатар, қызметкерлердің ғылыми еңбектері мен шығармашылық туындыларын студенттерге, магистранттарға және зерттеушілерге қолжетімді ету көзделген.