Медиа ресурстар
Рысқали Жамалиұлын еске алуға арналған респубикалық волейбол турнирі өз мәресіне жетті
Жаңалықтар

Рысқали Жамалиұлын еске алуға арналған респубикалық волейбол турнирі өз мәресіне жетті

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде Отан соғысының және еңбек ардагері Рысқали Жамалиұлын еске алуға арналған жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылары арасындағы волейболдан республикалық турнир өз мәресіне жетті.

Еліміздің әр өңірінен келген командалар қатысқан ауқымды спорттық дода тартысты ойындармен ерекшеленіп, жоғары деңгейде өтті.

Турнир қорытындысы бойынша:

🥇 1 орын — Академик Ебіней Бөкетов атындағы Қарағанды ұлттық зерттеу университеті

🥈 2 орын — Мұхтар Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университеті

🥉 3 орын — Академик Әбдімұса Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университеті

Жеңімпаздар мен қатысушыларды құттықтаймыз!