Media Image
17.04.2026 5

Ош мемлекеттік университетінен қонақ-оқытушы келді

Халел Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті мен Ош мемлекеттік университеті (Қырғыз Республикасы) арасындағы ынтымақтастық шеңберінде жүзеге асырылып жатқан Орхун алмасу бағдарламасы аясында педагогика және психология кафедрасына қонақ-оқытушы келді.

Ош мемлекеттік университетінің оқытушысы Мария Сүйүнбаева стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Бахыт Алтынбасовтың қабылдауында болды. Кездесу барысында академиялық ынтымақтастықты дамыту, тәжірибе алмасу мәселелері талқыланды.

Бағдарлама аясында Мария Сүйүнбаева оқу үдерісіне қатысып, дәрістер өткізу және тәжірибе алмасу жұмыстарын жүзеге асырады. Бұл академиялық ұтқырлық екіжақты әріптестікті нығайтуға, білім беру сапасын арттыруға және педагогика мен психология саласындағы ғылыми байланыстарды кеңейтуге бағытталған маңызды қадам.

2026 жылдың 13-26 сәуір аралығында университетіміздің педагогика және психология кафедрасында дәрістер, семинарлар мен шеберлік сабақтарын өткізеді.