Медиа ресурстар
“Brain Rain” атты интеллектуалды  сайыс өтті
Жаңалықтар

“Brain Rain” атты интеллектуалды  сайыс өтті

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде Ұлттық кітап күні қарсаңында “Brain Rain” атты интеллектуалды  сайыс өтті. 

“Brain Rain” — тек білім сайысы ғана емес, студенттердің логикалық ойлау қабілетін шыңдап, креативтілігін арттыратын ерекше алаң.

Сайысқа 16 команда қатысып, өзара тартысты додада білімдерін, тапқырлығын және жылдам шешім қабылдау қабілеттерін көрсетті. Әр кезеңде қатысушылар тың идеяларымен және интеллектуалдық деңгейімен ерекшеленді.

Нәтижесінде үздіктер анықталды:
🥇 1 орын — MDSG қыздар
🥈 2 орын — Жастар Жаңашырлары
🥉 3 орын — Smart Team
жүлделі орындармен марапатталды.

Аталған жоба MDSG және Студенттік парламенттің бірлесуімен ұйымдастырылып, студенттердің басын қосқан, білім мен ой жарысқан жарқын форматтағы іс-шараға айналды