Media Image
15.04.2026 4

Медиа және өнер: Тәжірибе мен тағылым

Х. Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің Медиаорталығының ұйымдастыруымен журналистика кафедрасының студенттері үшін ерекше кездесу өтті.

Сала мамандарымен еркін форматтағы ашық диалогқа медиа мен өнер әлемінің шеберлері — Әлихан Базарғали мен Азамат Орынбай арнайы қонақ ретінде қатысты.

Кездесу барысында спикерлер кәсіби тәжірибелерімен бөлісіп, сала маманының шыңдалу жолы мен алғашқы қадамдары туралы сыр шертті. Сонымен қатар журналист үшін имидж бен эмоцияны басқарудағы актерлік шеберліктің құпияларын ашып, эфирде және күнделікті өмірдегі сөз мәдениетінің маңыздылығына ерекше тоқталды.

Студенттер тек пайдалы ақпарат алып қана қоймай, спикерлермен тікелей сұхбаттасып, өздерін қызықтырған сауалдарына жауап алды. Қонақтар болашақ журналистерге мотивация беріп, жаңа көзқарас пен кәсіби кеңестерімен бөлісті.

Кездесу соңында қатысушылар спикерлермен бірге ақпарат пен өнер тоғысқан шуақты кештен естелік суретке түсті.

📷 Дополнительные изображения