«Қазақстан мемлекеттілігі және Конституция: құқықтық эволюция»
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын түсіндіруге арналған дәріс өтті.
Дәріске Атырау университетінің Ғылым және инновация жөніндегі проректоры Қансұлу Өтепқалиева, Азаматтық құқықтық пәндер кафедрасының сеньор-лекторлары, заң магистрлері Венера Наурызова және Айдана Бақытова қатысты.
Дәріс барысында жаңа Конституция жобасының маңыздылығы, оның қоғам мен мемлекет дамуындағы рөлі, сондай-ақ жастарға берілетін мүмкіндіктер кеңінен түсіндірілді. Спикерлер білім, ғылым, мәдениет және инновацияның ел болашағын айқындайтын негізгі бағыттар екенін атап өтті.
Өз сөзінде Қансұлу Мұсақызы жаңа Конституция жобасы ортақ болашақтың берік негізі екенін айтып, студенттердің білімі мен идеялары елдің ертеңін қалыптастыратын басты күш екенін жеткізді.
«Академиялық еркіндік, тең мүмкіндік және шығармашылық ізденіс – сіздер үшін ашық жол. Сіздер тек білім алушы ғана емес, болашақ ғалым, жаңашыл, қоғамды алға жетелейтін тұлғасыздар. Сондықтан белсенді болыңыздар, жаңа білімге ұмтылыңыздар, батыл идеялардан қорықпаңыздар. Еліміздің дамуы – сіздердің қолдарыңызда!» – деді Қансұлу Мұсақызы.
Іс-шара соңында студенттер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жаңа Конституцияға қатысты пікір алмасты.
📷 Дополнительные изображения