Магистранттарға диплом табыстау салтанаты өтті
Бүгін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде 2025–2026 оқу жылының қысқы бітіруші түлектеріне арналған салтанатты диплом табыстау рәсімі өтті.
Іс-шара ЖОО кейінгі білім бөлімі ұйымдастыруымен өтіп, қысқы қабылдау негізінде бір және екі жылдық білім беру бағдарламалары бойынша білім алған магистранттарға дипломдар табысталды. Атап айтқанда, білім беру менеджменті, денсаулық сақтау менеджменті, құқықтану, математика, қазақ тілі мен әдебиеті, қаржы және экономика, химиялық талдау және мұнайхимиялық синтез, информатика және басқа да бағыттар бойынша жалпы саны 24 түлек магистр дәрежесін иеленді.
Салтанатты жиында сөз алған университет өкілдері бітірушілерді маңызды белеспен құттықтап, бұл жетістік – олардың табандылығы мен ғылыми ізденісінің нәтижесі екенін атап өтті. Сонымен қатар, бүгінгі күн тек оқу кезеңінің аяқталуы ғана емес, жас мамандардың кәсіби жауапкершілікке қадам басуының бастауы екені ерекше айтылды.
Университет ұжымы түлектерге зор денсаулық, шығармашылық табыс және алдағы кәсіби жолында биік жетістіктер тіледі.
Диплом иелеріне – сәттілік пен жаңа белестер!