
23 сәуір 2025
Жаңару – халықпен бірге!
Құқықтық сауаттылықты арттыру, азаматтардың құқықтық әлеуметтік белсенді мінез-құлқын қалыптастыру мақсатында сыбайлас жемқорлықты азайту бастамалары аясында «Жаңару» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс РҚБ Атырау облысы бойынша филиалы жүйелі түрде түрлі шаралар атқаруда.
“Заң мен тәртіп”– мемлекеттік құрылыстың басты қағидаты.«Заң мен тәртіп» қағидаты – шын мәнінде кемел демократияның тірегі, құқықтық мемлекеттің негізі. «Заң мен тәртіпке» бағынбасақ, құқық нормаларына құрметпен қарамасақ, Әділетті Қазақстанды құрып, оны өркендеген мемлекет ете алмаймыз. Сондықтан біздің міндетіміз – бұл қағидатты еліміздің құндылықтар жүйесіне барынша кіріктіріп, халық болмысының, қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналдыру», - деді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.
«ЖАҢАРУ» Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс РҚБ Атырау облыстық филиалы мен сыбайлас жемқорлық мәселелерін зерттеу орталығының бастамасымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен бірлесе отырып жергілікті мемлекеттік органдардың қатысуымен «Заң және тәртіп» қағидаты аясында «BAIZAAR» сауда ойын - сауық орталығында азаматтарға қоғамдық қабылдау ұйымдастырылды.
Іс шараға Атырау облысы мен қаласының прокуратурасы, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті, Атырау облысының полиция департаменті, Атырау облысының Әділет департаменті, Атырау облысының адвокаттар алқасы мен РҚБ «Халықаралық құқық қорғау орталығы» Медиация орталығының Атырау облысы филиалының өкілдері қатысты.
Іс шараның мақсаты:
- халыққа мемлекеттік қызмет көрсету саласы бойынша заңды көмек көрсету;
- жергілікті мемлекеттік органдарға сенімдерін арттыру;
- халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру;
- халықпен тікелей, ашық қарым-қатынас орнату, тұрғындардың жеке мәселелерін тыңдап, шешілу жолын қарастыру.
Сұрақтардың басым бөлігіне азаматтарға сол жерде жауаптар берілді. Мұқият қарауды талап еткендер одан әрі шешілуі үшін бақылауға алынып, халық алғысына бөленді. Осындай іс - шаралар үрдісі жалғасын таппақ.