Media Image

19 сәуір 2025

«Қазақстан халқы Ассамблеясына - 30 жыл» мерекелік медалі табысталды!

Бүгін Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының кеңейтілген кеңесі өтті. Жиында өңірдегі бірлік пен келісімді нығайту, этносаралық қатынастарды дамыту саласындағы жетістіктер мен нәтижелер талқыланды.
Кеңейтілген мәжілісте Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов еліміздің дамуына, бейбітшілік пен келісімнің қазақстандық үлгісін қалыптастыруға елеулі үлес қосқан Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің басқарма төрағасы-ректор Саламат Идрисов бастаған бірақатар ғалымдарды «Қазақстан халқы Ассамблеясына - 30 жыл» мерекелік медалімен марапаттады.
Өңірде этносаралық келісім мен бірлікті нығайтуға үлес қосқан Атырау университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының кандидаты Шахман Нағимұлы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Сайфолла Сапанов, тарих ғылымдарының кандидаты Гүлфайруз Қайырғалиева мерекелік медальмен марапатталды.