Media Image

16 сәуір 2025

"Зұлқайнар Алдамжар. Өмірі мен ғылыми мұрасы"

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Қазақстан және дүниежүзі тарихы кафедрасының ұйымдастыруымен «Зұлқарнай Алдамжар. Өмірі мен ғылыми мұрасы» атты ғылыми семинар өтті.
Зұлқарнай Алдамжар – ұлттық тарихты жаңаша көзқараспен пайымдауға негіз қалап, төл тарихымызды тереңнен зерделеген ғалым.
Ғылыми жиында тарих ғылымдарының докторы, профессор Зұлқарнай Алдамжардың өмір жолы мен ғылыми мұрасы кеңінен талқыланып, еңбектеріндегі идеялық тұғырлар мен ғылыми ұстанымдары жан-жақты сараланды.
 Шараға университеттің профессор-оқытушылық құрамы мен білім алушылары белсенді қатысып, мазмұнды пікір алмасу алаңына айналды.
Семинар барысында ғалымның зерттеу бағыттары, отандық ғылымға қосқан жаңашыл көзқарасы, сондай-ақ тәуелсіз Қазақстан тарихының методологиялық негіздері туралы құнды баяндамалар ұсынылды.