Media Image

16 сәуір 2025

«Орхун» бағдарламасы аясында инклюзивті білім беру бойынша дәріс өтті

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне іс-сапармен келген Өзбекстан Республикасы Қоқан мемлекеттік университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Зарафшан Каландарова инновациялық білім беру факультетінің 3 курс студенттеріне арнап дәріс өткізді.
Бастауыш білім беру деңгейінің педагогы білім беру бағдарламасының студенттеріне арналған бұл дәріс «Инклюзивті білім беру» пәні аясында өтті. Қонақ дәріс барысында өзбекстандық ғалым инклюзивті білім берудің өзекті мәселелерін қозғап, халықаралық тәжірибеден мысалдар келтірді.
Айта кетейік, дәріс «Орхун» бағдарламасы аясында ұйымдастырылды. Бұл – түркі елдері арасындағы академиялық байланысты нығайтатын, тәжірибе алмасуға жол ашатын халықаралық маңызды бастама.