
Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының ғалымдары қонақ дәріс өткізді
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғалымдары арнайы қонақ дәріс оқыды.
Университетке ат басын бұрғандар қатарында – тарих ғылымдарының кандидаты, бас сарапшы, жетекші ғылыми қызметкер Әуезхан Шашаев пен тарих магистрі, институттың ғылыми қызметкері Зәмзәгүл Байжұманова бар.
Ғалымдарды университет ректоры Саламат Идрисов арнайы қабылдап, Атырау университетінің профессор-оқытушылары ғылыми-танымдық кездесу өткізді.
Қонақтар студенттер мен жас ғалымдарға тарихи-этнологиялық бағыттағы тың мәліметтер мен өзекті тақырыптарда мазмұнды дәрістер оқыды.