Media Image

16 сәуір 2025

ORHUN 2025-2026 академиялық ұтқырлық бағдарламасына тіркеу басталды

Орхун бағдарламасы арқылы Түркия, Қырғызстан, Өзбекстан және Әзербайжан жоғары оқу орындарында 2025-2026 күз немесе көктем мезгіліне 1 семестрге оқуға тіркеу ашылды. 

Басты критерий:

•GPA 2.5 төмен емес 

•Қабылдайтын университеттің талабына сәйкес оқу тілін білуі (түрік, кейбір университетте ағылшын, орыс болуы мүмкін) 

•Игерілмей қалған кредиттер болмауы.

Бөлінетін бюджет есебі:

-1 семестр тегін оқу (5 ай)

-жатын орын (баратын университетке байланысты)

-тамақ (баратын университетке байланысты)

Іріктеу 2 этаптан тұрады.

1 этап: құжаттар жинау. Берілетін уақыт - 16 сәуір бен 23 сәуір арасы. Бұл этап кезінде барлық қажетті құжаттар болуы шарт. Бір құжат жетіспесе, келесі турға кандидат жіберілмейді. 

2 этап: комиссиямен тіл деңгейін тексеруге интервью (арнайы белгіленеді)

*Академиялық ұтқырлық бағдарламасына грант және ақылы негіздегі бакалавр/магистратура студенттері өтініш бере алады.

*Өтініш бере алады:

Бакалавр

-1 курс

-2 курс 

Магистратура

-1 курс

Қажетті құжаттар: 

Студенттер үшін

1.ZIP папка

2.Жеке куәлік (еговтан)

3.Шетел паспорты (еговтан)

4.Транскрипт 3 тілде (платонустан)

5.Оқу туралы анықтама 3 тілде (платонустан)

6.Түрік тілі бойынша деңгей курсынан сертификат (бар болса)

7.Диплом, алғыс хат, сертификат (көшірмелері)

8.Анкета (үлгі)

9.Мотивациялық хат түрік тілінде (үлгі)

10.Сотталмағаны жөнінде анықтама (еговтан)

11.Психатрия-психикалық туралы анықтама (еговтан)

12.Наркология орталығынан анықтама (еговтан)

8 және 9 пункттер бойынша үлгілерді “Applications” атты инстаграм сторис арқылы Google.doc -тан жүктей аласыздар. Сонымен қатар, бөлінген университеттер мен орындарды осы бөліктектегі Word кестеден қарай аласыз (Applications>Orhun). Барлық құжаттар international_office@asu.edu.kz электронды поштаға жіберілуі қажет.

Қажетті құжаттар: 

Қызметкерлер үшін

1.Файл папка

2.Жеке куәлік (еговтан)

3.Шетел паспорты (еговтан)

4.Түрік тілі бойынша деңгей курсынан сертификат (бар болса)

5.Ғылыми кадемиялық дәрежесін растайтын құжат 

6.Анкета (үлгі)

7.Дәріс оқу үшін программа жоспар (үлгі)


— — — — — 
Kh.Dosmukhamedov Atyrau University (Atyrau/Kazakhstan)
International Office 
Instagram: international.asu
Tel.: +7(7122)49-21-27

www.asu.edu.kz 

file
file
file
file