Media Image

15 сәуір 2025

Университет студенттері қос диплом алу мүмкіндігіне ие болды!

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті туризм және сервис мамандығының студенттері Қазақстан мен Еуропаның дипломын қоса алып шығатын мүмкіндікке ие болды.
 Білім алушылар бастапқы және соңғы курсты Атырау университетінде оқыса, 2,3-курста Польшадағы Гданьск туризм және қонақ үй ісі менеджементі университетінде білім ала алады.
Қазақстанның Польшадағы елшілігімен кездесу барысында Гданьск университетінің ректоры Ян Закаревич үлкен құрметке ие болып, еліміздің жоғары оқу орындарымен халықаралық байланыс пен ортақ бағдарламалар жасауға қызығушылығын атап өтті.
Сонымен қатар Атырау университетінің халықаралық әріптестік және интернационалдандыру кеңсесінің жетекші координаторы Таңатар Аширов іс-сапар барысында поляк студенттеріне «Халықаралық коммуникация мен қарым-қатынас» тақырыбында фасилитациялық дәрістер мен Қазақстанды таныстыру семинарларын өткізді.