Media Image

15 сәуір 2025

«Орхун» бағдарламасы аясында Өзбекстан ғалымы дәріс оқиды

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің басқарма төрағасы-ректор Саламат Идрисов өзбекстандық ғалымды қабылдап, тәжірибелі зерттеушіге сәттілік тіледі.
Атырау университетіне екі аптаға келген мәртебелі мейман - Өзбекстан республикасы Қоқан мемлекеттік университетінің доценті, педагогика ғылымдарының кандидаты Зарафшан Каландарова. Ол іс-сапары аясында инновациялық білім беру факультетінің студенттері мен оқытушыларына арнап дәрістер оқып, ғылыми бағыттағы семинарларда тәжірибесімен бөліседі.
«Орхун» бағдарламасы – түркі дүниесі университеттері арасындағы академиялық байланысты дамытуды көздейтін маңызды халықаралық бастама. Бұл бағдарлама аясында Атырау университетінің ғалымдары шетелдік іс-тәжірибелерден өтіп, елімізге келген білікті ғалымдармен бірлесе ғылыми зерттеу жасау мүмкіндіктерін жүзеге асырып келеді.