Media Image

11 сәуір 2025

Ғылым апталығы аясындағы интеллектуалды сайыс: “Science QUIZ”

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті менеджмент кафедрасының бастамасымен Ғылым апталығы аясында “Science QUIZ” интеллектуалды сайысы өтті.
Студенттердің ғылыми әлеуетін, логикалық ойлау қабілетін және танымдық белсенділігін дамыту мақсатында ұйымдастырылған шараға Экономика және құқық факультеті кафедраларынан құралған командалар белсенділік танытты.
Алты команда қатысқан бұл зияткерлік ойында студенттер түрлі сала бойынша қойылған сұрақтарға жауап беріп, өз білімдерін сынады.

Командалардың нәтижелері бойынша келесідей орындар анықталды:

1-орын – “ИП Сұлтанова А.Т.” тобы. Бұл команда ерекше шапшаңдық, терең білім және бірлік танытып, бас жүлдені жеңіп алды.

2-орын – “Қаржы кемесі” тобы. Экономика және қаржы салалары бойынша білімдерін шебер қолдана отырып, жоғары нәтижеге жетті.

3-орын – “Legislation” тобы. Заң саласына бейімделген бұл топ логикалық сауаттылығы және командалық жұмысымен ерекшеленді.

Іс-шара соңында қатысушыларға алғыс хаттар мен дипломдар табысталды. Ұйымдастырушылар болашақта мұндай форматтағы байқауларды жиі өткізу жоспарланып отырғанын жеткізді.