Media Image

10 сәуір 2025

«Дін және ғылым» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде 12 сәуір - Ғылым қызметкерлерінің күніне орай ұйымдастырылған «Дін және ғылым» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. 
Дінтану мамандығының білім алушыларына арналған жиынға дінтану мамандығының магистрлері Ануар Кеңес, Камиля Хайретдинова және «Шапағат» қоғамдық қорының теологтары қатысты.
Жиында сөз алған Асылан Мұқан, Ақтоты Құбайдоллақызы, Райымбек Нұршаханов пен Зарина Имашева сынды дінтану мамандығының студенттері мазмұнды баяндамалар жасады.
Дөңгелек үстелде дін және ғылым тақырыбындағы өзекті мәселелер кеңінен талқыланып, білім алушылар қызықтырған сұрақтарына толымды жауап алды.