Media Image

4 сәуір 2025

ЖӘНІБЕКОВА ДИЛЬНАРА – «Ақжайық Аруы» қалалық арулар байқауының жеңімпазы!

Атырау қаласы мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт ММ және Құрманғазы атындағы мәдениет сарайы МКҚК ұйымдастыруымен өткен Атырау қаласы қалалық «АҚЖАЙЫҚ АРУЫ» байқауында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті атынан қатысқан көптілді білім беру факультетінің 2 курс студенті Жәнібекова Дильнара - 1 орынды жеңіп алып, облыстық байқауға жолдама алды.

Бұл байқаудың мақсаты – жастарды ұлттық құндылықтарды бағалауға, шығармашылыққа, рухани байлыққа және сұлулыққа баулу.

Байқау нәтижесінде Дильнара өзінің сымбаттылығымен, зияткерлігімен және өз-өзіне сенімділігімен ерекшеленіп, жеңіс тұғырына көтерілді.