Media Image

30 наурыз 2025

Құттықтаймыз!

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті ұжымына Атырау қаласының әкімі Шәкір Кейкиннің атынан Наурызнама онкүндігі аясында өткен Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін жоғары деңгейде ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов алғыс хат табыстады.

Наурыз мерекесі аясында өткен шаралар халқымыздың салт-дәстүрін жаңғыртып, береке мен бірлікті нығайтуға бағытталғаны сөзсіз. Осы орайда, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ұжымы ұйымшылдық пен жоғары кәсіби деңгейде мерекелік бағдарламаны әзірлеп, қала тұрғындары мен қонақтарына ұлттық нақыштағы ұмытылмас әсер сыйлағандары үшін алғыс білдіреміз!