
28 наурыз 2025
«Сарбазыма хат» республикалық жастар акциясы өтті
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай «Ұлы жеңіс ерлігіне тағзым – жастарға үлгі» атты іс-шаралар жоспарына сәйкес «Сарбазыма хат» республикалық жастар акциясы өтті.
Республикалық акцияның мақсаты - жастар арасында патриоттық сананы, ардагерлердің ерлігіне құрметпен қарауды нығайту, Ұлы отан соғысының естелігін сақтауға үлес қосатын хаттар мен алғыс сөздер жинағын жинау, жұртшылық назарын сарбаздардың ерлік істеріне, мұраларының маңыздылығына аудару.
Акция аясында мектеп оқушылары мен студенттер әскерге шақырушыларға тілектері мен уәждері жазылған хаттарды жолдады.