Media Image

27 наурыз 2025

27 НАУРЫЗ – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕАТР КҮНІ!

Құрметті театр өнерінің майталмандары!

Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ұжымы сіздерді 27 наурыз – Халықаралық театр күнімен шын жүректен құттықтайды!

Театр – адамның жанын түлетіп, рухани байлық сыйлайтын ерекше өнер. Бұл – көрерменді қуантатын, ойландыратын, ерекше сезімге бөлейтін киелі сахна. Өнер жолындағы шынайы ізденіс пен еңбектеріңіз көрермен жүрегінен орын тауып, жаңа белестерге жетелей берсін!

Атырау өңірінің рухани дамуына үлес қосып жүрген 80 жылдан астам тарихы бар М.Өтемісұлы атындағы Атырау облыстық академиялық қазақ драма театры және жас өнерпаздардың басын біріктірген Атырау Жастар театры, “Saf” студенттік театры ұжымдарын төл мерекелерімен құттықтай отырып, шығармашылық табыс, шабыт пен толағай жетістіктер тілейміз!Қойылымдарыңыз сәтті болып, сахналарыңыз сәннен, көрермендеріңіз қошеметтен арылмасын!

Театр күні құтты болсын!