
20 наурыз 2025
Атырау университетіне ҚХР Іле педагогикалық университетінің профессоры келді
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне Қытай халық республикасы Іле педагогикалық университетінің профессоры Чэн Ши Сюнь ынтымақтастық орнату мақсатында келді. Мейманды университеттің ғылым және халықаралық байланыстар жөніндегі проректоры Қансұлу Өтепқалиева қабылдады.
Кездесуде Атырау университетінің проректоры мен қытайлық профессор екі университет арасындағы әріптестік байланыстарды дамытуға қатысты жан-жақты мәселелерді талқылады. Сонымен қатар, тараптар білім беру, ғылыми-зерттеу салалары мен мәдени байланыстарды нығайту бағытында өзара екі жақты келісімге келді. Бұның нәтижесінде Атырау университеті академиялық ұтқырлық бағдарламасы негізінде ҚХР Іле педагогикалық университетімен студенттері мен оқытушы-профессорларды жіберу арқылы тәжірибе алмасып, ынтымақтастықты нығайтуға қол жеткізеді деген сенімде.
Бұл кездесу – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті мен Қытай халық республикасы Іле педагогикалық университеті арасындағы халықаралық серіктестікті нығайту жолындағы маңызды қадам.