
18 наурыз 2025
18 НАУРЫЗ – ҰЛТТЫҚ КИІМ КҮНІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!
Бүгін – ата-бабамыздың салт-дәстүрін, ұлттық мәдениетімізді дәріптейтін ерекше күн! Ұлттық киім – халқымыздың ғасырлар бойғы мәдениеті мен өнерінің көрінісі. Олардың әрқайсысы терең мағынаға ие, ата-бабамыздан жеткен асыл қазына.
Ұлттық киім – тек сән үлгісі ғана емес, ол – ұлттың жаны, болмысы. Бүгінгі мереке әрқайсымызға қазақы нақыштағы киім киіп, дәстүрімізді жаңғыртуға тамаша мүмкіндік.
Баршаңызды осы ерекше күнмен құттықтаймыз!
Ұлттық киімдеріміз ұлықталып, дәстүріміз жалғасын таба берсін!