
14 наурыз 2025
Ақын Айбек Қалмағанбетов университетке жыр жинақтарын тарту етті
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде танымал лирик ақын Айбек Қалмағанбетов қонақта болып, университет ректоры Саламат Идрисовқа бірнеше кітабын тарту етті.
Ақын тарту еткен «Бақыт мекені», «Аппақ әлем», «Кең Жылой», «Досыма хат», «Әкеме ескерткіш», «Сағынсаң мені», «Таңдамалы өлеңдер» жинақтары – туған жер, табиғат, махаббат, ата-анаға құрмет сынды тақырыптарды арқау еткен сыршыл туындылар.
Ректор шығармашылық еңбектердің жас ұрпаққа берер рухани құндылығы зор екенін атап өтіп, кітаптарды Атырау университетінің ғылыми кітапханасына табыстады.