
6 наурыз 2025
“Қаржылық сауаттылық” тақырыбында кездесу өтті
Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде “Тәртіпті өзіңнен баста” акциясы аясында студенттермен “Қаржылық сауаттылық” тақырыбында кездесу өтті.
Жастардың қаржылық сауаттылығын арттыру, оларды алаяқтықтың түрлерінен сақтандыру мақсатында ұйымдастырылған шараға Атырау облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басқарма басшысы Бекболат Анесов, аға жедел уәкіл Бекзат Қанатбеков, орган ардагері Қахарман Жардемов, “Аманат” партиясы жанындағы “Жастар рухы” Атырау облысы филиалының төрағасы Абылай Құрметұлы қатысты.
Шара барысында қазіргі қоғамда өзекті мәселеге айналған лудомания (құмар ойындарға тәуелділік), ғаламтор алаяқтық, қаржылық сауаттылық және заңсыз ақша айналымының алдын алу тақырыптары кеңінен талқыланды.
Мамандар студенттерге қаржылық қауіпсіздік ережелерін түсіндіріп, өз қаражаттарын тиімді басқару жолдары туралы пайдалы кеңестер берді.