Үздіктерге мүмкіндік: «Алтын түлек» жеңімпаздарына ректорлық гранттар берілді
2026 жылғы 3 сәуірде Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінің базасында Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдаумен, сондай-ақ «Зерделі» ақыл-ой дамыту мектебі және облыстық білім беру басқармасының бірлесіп ұйымдастыруымен 10–11-сынып оқушылары арасында «Алтын түлек» математикалық олимпиадасының республикалық кезеңі өтті.
Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университеті 11-сынып оқушылары үшін математика пәні бойынша педагогикалық және техникалық мамандықтарға олимпиада жеңімпаздарына 5 (бес) ректорлық білім беру грантын тағайындады.
📷 Дополнительные изображения