Media Image
03.04.2026 5

«Полипропилен негізіндегі композициялық материалдар саласындағы зерттеулер мен инновациялар»

Х.Досмұхамедұлы атындағы Атырау университетінде Ғылым апталығы аясында «Химия және химиялық технологиялар» кафедрасының ұйымдастыруымен «Полипропилен негізіндегі композициялық материалдар саласындағы зерттеулер мен инновациялар» тақырыбында ғылыми семинар өтті. Іс-шара Zoom платформасы арқылы ұйымдастырылды.

Семинар ғылым мен инновацияны тоғыстырған маңызды алаңға айналып, сала мамандары мен жас зерттеушілердің басын қосты.

Семинар барысында:

🔹 заманауи ғылыми зерттеулер мен инновациялық тәсілдер талқыланды;

🔹 полимерлер мен композиттік материалдардың даму перспективалары сараланды;

🔹 жас ғалымдар мен тәжірибелі мамандар өзара пікір алмасты.

Бағдарлама аясында:

🔸 полипропиленнің реологиялық қасиеттері;

🔸 полимерлі талшықты материалдарды қалыптастыру жолдары;

🔸 Е дәрумені арқылы тұрақтандыру механизмдері;

🔸 «жасыл химия» қағидаттары кеңінен қарастырылды.

Сонымен қатар, STEM тәсілдерін қолдану және цифрлық технологиялар көмегімен полимерлердің құрылымы мен қасиеттерін модельдеу мәселелері де көтерілді.

Аталған семинар тәжірибе алмасуға, жаңа ғылыми идеяларды дамытуға және зерттеу бағыттарын кеңейтуге серпін берген маңызды алаң болды. Ғылымға қадам — жарқын болашаққа бастар жол!

#ҒылымАпталығыКүнделігі