Media Image

3 наурыз 2025

Магистрант педагогикалық тәжірибеден өтті

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті   HR-Менеджмент ББ-ның 1-курс магистранты Дінмухаммед Тасшабай 27 қаңтар – 8 ақпан аралығында экономика және құқық факультеті менеджмент кафедрасында педагогикалық тәжірибеден өтті.
Практика бағдарламасына сәйкес магистрант алдын-ала оқытушылардың сабақтарына қатысып, тәжірибе жинақтады. Практиканың негізгі кезеңінде  Саладағы менеджмент ББ-ның 3-курс студенттеріне 2 лекциялық және 2 семинар сабағын өткізді. Семинар сабақтарында магистрант әртүрлі инновациялық тәсілдер мен қызықты кейстерді пайдаланып, өзінің еңбек жолындағы тәжірибелерімен бөлісті.
Педагогикалық практика нәтижесінде магистранттың қабілеттері мен біліктілігін кафедра оқытушылары мен білім алушылар жоғары бағалады.