Media Image

3 наурыз 2025

Еразмус+ К171 Атырау университеті оқытушыларының Францияға сапары

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің оқытушылары Францияның Пуатье университетінде Орталық Азия университеттеріне арналған Еразмус+ К171 тәжірибе алмасу бағдарламасы аясында Staffweek тағылымдамасын жүзеге асыру мақсатындағы «Мектеп және университет жүйесінде инклюзивті білім беру» тренингіне қатысып келді.

Маңызды іс-сапарға университет атынан барған білікті мамандар Шетел тілін оқыту әдістемесі кафедрасының меңгерушісі,  п.ғ.к. Элеонора Абдол, ф.ғ.к. Акмарал Хайржанова, сеньор-лектор Асель Кунасова, аударма ісі және шетел тілдері кафедрасының сеньор-лекторы Гульнара Мустагалиева инклюзивті білім берудің шетелдік тәжірибесін саралап қайтты.

Халықаралық тренингке қатысушылар биыл бірінші шетел тілі ретінде француз тілі тобының ашылуына байланысты қос диплом білім беру бағдарламасына, ПОҚ-ның және студенттердің академиялық ұтқырлық бағдарламаларына қатысу секілді өзекті мәселелер төңірегінде жауап алды.