Media Image

21 ақпан 2025

Академик Салық Зимановтың туған күніне орай Quizizz CUP зияткерлік ойыны ұйымдастырылды

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде заңғар заңгер, академик Салық Зимановтың туған күніне орай Quizizz CUP зияткерлік ойыны өтті.

Экономика және құқық факультеті азаматтық құқық пәндері кафедрасы және заң клиникасының ұйымдастыруымен өткен шара болашақ заңгерлердің құқықтық білімін жетілдіріп, зияткерлік қабілетін дамытуға бағытталды.

Интеллектуалды сайысқа факультет студенттері белсенді қатысып, өз білімдерін сынады. Сонымен қатар факультет кітапханашысы Рахиля Ергужиева іс-шараның жоғары деңгейде өтуіне өз үлесін қосып, қатысушыларды Салық Зимановтың өмірі мен еңбектеріне арналған кітаптармен таныстырды. Академиктің ғылыми мұрасына арналған әдебиеттерді насихаттау арқылы студенттердің заң ғылымына деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.

Тартысты интеллектуалды сайыс нәтижесінде:

1-орынды – Бейсенбаева Нұрбибі,

2-орынды – Шакиров Заманбек,

3-орынды – Жаппар Архат иеленді.

Бұл сайыс қатысушылардың құқық саласындағы білімдерін шыңдап қана қоймай, олардың логикалық ойлау қабілетін дамытуға септігін тигізді.

 Іс-шараны ұйымдастырушыларға, қазылар алқасына және қатысушыларға алғыс білдіреміз!