Media Image

19 ақпан 2025

Жоба дайындау мен ұсыну мәселелеріне қатысты тренинг өтті

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде студенттер мен жас қызметкерлерге арналған жоба дайындау мен ұсыну мәселелеріне қатысты тренинг өтті.

Іс-шара мақсаты - стартап конкурсқа қызығушылық танытқан студенттер мен жас қызметкерлерге бизнес-жоспарды сауатты жазуды үйрету, конкурсқа қатысты сұрақтарға жауап беру.                                            

Тренингті жүргізген Educate N Guide ағылшын тілі мектебінің және Partyum балаларды дамыту орталығының жетекшісі, әлеуметтік кәсіпкер Нелли Тулегенова  жоба дайындау мен ұсыну мәселелеріне кеңінен тоқталып, жеке тәжірибесімен бөлісті.

Шара соңында қатысушылар өздерінің жобалары туралы маңызды сұрақтар қойып, ашық пікірталас өрбіді.  

Тренинг арқылы жастар жаңа тәжірибе алып, стартап әлеміне маңызды қадам жасады деп сенеміз.                                                                                                       

 Еске сала кетейік, Start up-2025 байқауына тіркелу 22 ақпанға дейін!