Media Image

18 ақпан 2025

Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Кенжебай Мәденовтың 100 жылдығына арналған волейбол турнирі өтті

Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығы мен Ратушаға алғаш Жеңіс туын тіккен батыр, МҚК-ҰҚК ардагері, подполковник Кенжебай Мәденовтың 100 жылдығына арналған құқық қорғау органдары арасында волейболдан ашық турнир өтті.

Турнирдың мақсаты – Ұлы Отан соғысына қатысқан ардагер-батыр есімін ұлықтау, патриотизмге тәрбиелеу және салауатты өмір салтын насихаттау. Турнирде Атырау университеті мен құқық қорғау органдарының ардагерлерінен құралған 7 команда бақ сынады:

  1. «ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының ардагерлері»;
  2. «Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері»;
  3. «Қаржы мониторинг бойынша органдарының ардагерлері»;
  4. «Атырау облысы сот органдарының зейнеткерлері»
  5. «Төтенше жағдайлар органдары ардагерлері»;
  6. «Қарулы күштерінің ардагерлері»;
  7. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ардагерлер құрамасы.

Әр команда өз шеберлігін көрсетіп, жарыстың тартысты, әрі қызықты өтуіне үлес қосты. Турнир қорытындысы бойынша үздік командалар марапатталды. Үздік танылған ойыншыларға Кенжебай Мәденовтың отбасы атынан ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Жалпы командалық есепте:

1 орынды - «Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері»;

2орынды – Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ардагерлер құрамасы;

3 орынды - «Атырау облысы сот органдарының зейнеткерлері»  иеленді.

Турнир қорытындысы бойынша үздік ойыншылар:

  1. «Үздік шабуылшы» -   Төремұрат Сисенғалиев
  2. «Үздік қорғаушы» -  Альберт  Садриев
  3. «Үздік байланыстырушы» - Мереке Унашев
  4. «Үздік ойыншы» - Есмухан Кашкенов
  5. «Үздік ардагер ойыншы» - Маннап Әміров

Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің шешімімен әр командадан «Үздік ойыншыға» алғыс хаттар табыс етілді.

  1. «ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті органдарының ардагерлері» - Маннап Әміров;
  2. «Ішкі істер органдары мен Ұлттық ұлан ардагерлері» - Ерболат Сиденов;
  3. «Қаржы мониторинг бойынша органдарының ардагерлері» -Әбдіхамит Сұлтанов;
  4. «Атырау облысы сот органдарының зейнеткерлері» - Әнуар Дәурешов;
  5. «Төтенше жағдайлар органдары ардагерлері» - Нұрым Башанов;
  6. «Қарулы күштерінің ардагерлері» - Дархан Ерсайынұлы ;
  7. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің ардагерлер құрамасы – Софья Мурзагалиева.

Жарыс жеңімпаздары мен арнайы марапат иелерін құттықтаймыз!