Media Image

23 қаңтар 2025

Бітіруші түлектерге өндірістік практиканың кіріспе конференциясы өткізілді

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті экономика және құқық факультеті менеджмент кафедрасының бітіруші түлектеріне өндірістік практиканың кіріспе конференциясы өткізілді.

 

Конференция барысында кафедра меңгерушісі Б.М.Дюсегалиева студенттерге сәттілік тілеп, өндірістік практиканың мақсаты мен бағытын түсіндірді.

Менеджмент кафедрасының бітіруші түлектері 27 қаңтар мен 10 мамыр аралығында алдын-ала жасалған келісімшарт бойынша Атырау облысының мемлекеттік органдарында, кәсіпорындарда, банктерде, т.б мекемелерде өндірістік тәжірибеден өтеді. Бұл тәжірибе барысында  студенттер кәсіби білімдерін практикамен ұштастырып, алдағы еңбек жолына қажетті дағдыларды үйренеді. Студенттердің практикадан өту барысы кафедра тарапынан және практика базасындағы практика жетекшісімен бақыланады.