Media Image

13 қараша 2024

Иранда халықаралық конференция өтті

  Иран мемлекеті, Гилан қаласы, Гилан университетінде «Ирандағы орыс тілі және Евразияға көзқарас» атты ІІ халықаралық  конференция өтті. 
  Халықаралық конференция жұмысына Гилан университетінің ректоры Мухаммад Дустар, РФ Решт қаласындағы бас консулы Вадов А.Г. Иран, РФ, Қазақстан ғалымдары және РФ мен Азербайжан елдерінің Бас консулдары қатысты.
  Ғылыми жиынға «Х.Б.Табылдиев атындағы Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы» ғылыми-зерттеу инстиутының директоры тарих ғылымдарының докторы Сайпулла Жұмабайұлы, аға ғылыми қызметкері Сайпулла Моллақанағатұлы қатысты. 
  Конференция бағдарламасы бойынша, ғалымдар “Транскаспий халықаралық транспорттық дәлізі: Қазақстанның геосаяси және геоэкономикалық мүдделері”, “VI-XII ғасырлардағы рухани мәдениет: синтезі және өмір сүруі” тақырыптарында мазмұнды баяндамалар жасады.