Media Image
03.04.2026 9

Университет оқытушылары президент алғыс хатымен марапатталды

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасын сапалы дайындауға, оны қабылдау жөніндегі жалпыхалықтық референдумды ұйымдастыруға және өткізуге айрықша атсалысқаны үшін университетіміздің профессор-оқытушылар құрамы Президент Алғыс хатымен марапатталды.

Атап айтқанда: Х.Б. Табылдиев атындағы «Каспий өңірінің тарихы, археологиясы және этнологиясы» ҒЗИ директоры, қауымдастырылған профессор, тарих ғылымдарының кандидаты Сапанов Сайпулла, ректор аппаратының басшысы, қауымдастырылған профессор, тарих ғылымдарының кандидаты Қайырғалиева Гүлфайруз.

Сонымен қатар, ҚХА институты директорының м.а., заң магистрі Бақытова Айдана, Азаматтық-құқықтық пәндер кафедрасының сеньор-лекторлары, заң магистрлері Наурызова Венера, Айтмұханова Дидар, Бахшатова Гүлмира да марапатқа ие болды.

Әріптестерімізді марапаттарымен құттықтаймыз!