Media Image

15 қараша 2024

"Тәлімгерлік - кураторлық" жобасы Қонаев мектебінде

 Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Тәлімгерлік – кураторлық» жобасы биыл сәтті жүзеге асырылып келеді. Жоба жұмысы Д.Қонаев атындағы Binom school мектеп-лицейінде жалғасты.
  Шараға Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті вице-проректоры Жанар Сүлейменова мен Д.Қонаев атындағы Binom school мектеп-лицейі директоры Ербол Биқалық қатысып,  жобаның мақсаты және негізгі жұмыс жоспарымен таныстырды.
  Жоба аясында Binom school мектеп-лицейіне университетіміздің 29 студенті тәлімгерліктен өтіп, болашақ мамандықтарының қыр-сырын үйренбек. Соңғы екі жылда жоба аясында педагогика мамандықтарының 90 түлегі, білім беру ұйымдарына тұрақты жұмысқа орналасқан.