Хабарландыру!
Құрметті әріптестер!
Сіздерді География және туризм кафедрасының профессоры, география ғылымдарының кандидаты Гүлшат Жалғабайқызы Нұрғалиеваның 70 жылдық мерейтойына арналған «Аймақтық зерттеулердің өзектілігі мен болашағы» атты ғылыми-әдістемелік семинарға қатысуға шақырамыз.
📅 Өтетін күні: 7 сәуір 2026 жыл
🕙 Уақыты: 10:00 – 11:30
📍 Өтетін орны: Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті, Бас оқу ғимараты, 2-қабат, А.С. Иманғалиев атындағы Ғылыми кеңес залы
💻 Форматы: офлайн / онлайн (ZOOM)
🔗 ZOOM идентификаторы: 998 2389 7840
🔑 Пароль: 6495
Семинар барысында аймақтық зерттеулердің өзекті мәселелері, геоэкология, туризм және тұрақты даму бағыттары бойынша баяндамалар тыңдалып, пікір алмасу жүргізіледі.
Баршаңызды белсенді қатысуға шақырамыз!