Медиа ресурстар
AI in Healthcare: әлемнің үздік командалары қатарында!
Жаңалықтар

AI in Healthcare: әлемнің үздік командалары қатарында!

27–29 наурыз күндері Ташкент қаласында CAU Tech Summit 2026 аясында өткен «AI in Healthcare» халықаралық хакатонының финалы өтті.

 Іріктеу кезеңіне әлемнің 17 елінен, соның ішінде АҚШ-тағы University of California, Berkeley, Оңтүстік Кореядағы Ulsan National Institute, Жапония және басқа да елдердің университеттерінен 1200-ден астам студент пен 300+ команда қатысты. Соның ішінен тек 54 үздік команда финалға өтті.

Байқау қорытындысы бойынша, Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің командасы ғылыми жетекшісі Ғизатов Асылбек Серікұлының жетекшілігімен 53.66 балл жинап, 18-орынға ие болды. Осылайша, олар халықаралық хакатонның ең мықты командаларының қатарына еніп, Өзбекстан, Түркия, Әзербайжан, Ресей, Қырғызстан және Индонезия елдерінің командаларын басып озды 

Команда құрамында «Бағдарламалық инженерия» кафедрасының студенттері:
Амангелді Ғалымжан, Жақсылық Бектас, Файзуллаев Миржан, Батырхан Дастан болды.

17 елден 300-ден астам команда арасынан іріктеліп, финалға өткен 54 үздік команданың ішінде 18-орын алу — үлкен жетістік және мақтан тұтарлық нәтиже.

Құттықтаймыз!