Анкара университетінің TÖMER Халықаралық орталығы түрік тілі курстарына шақырады!

21.10.2025 158

📍 Өтетін орны: Түркия, Анкара қаласы
Анкара университетінің (Түркия, Анкара қаласы) TÖMER Халықаралық орталығы Қазақстандағы:

  • Жоғары оқу орындарының ғалым-зерттеушілерін, профессор-оқытушыларын, ғалымдары мен докторанттарын, магистранттары мен студенттерін;

  • Колледждер мен мектептердің педагогтері мен оқушыларын;

  • Жалпы шетел тілін үйренгісі келетін үміткерлерді
    түрік тілі курстарына оқуға шақырады! 🇹🇷

📜 Түрік тілін сәтті меңгеріп, Халықаралық TÖMER сертификаты мен дипломын алған үміткерлер:

  • «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша ғылыми тағылымдама конкурсына қатыса алады;

  • Докторантура және магистратура талаптарына сәйкес ғылыми тағылымдамадан өте алады;

  • Академиялық ұтқырлық, тағылымдама немесе зерттеу жүргізу үшін Анкара университетінен шақыру хат ала алады.

📚 Сабақ форматы мен ұзақтығы:

  • Zoom жүйесі арқылы онлайн форматта;

  • Аптасына 5 күн (дүйсенбі–жұма);

  • Күніне 4 сағаттан (әр сағат сайын 10 минут үзіліс);

  • A1 деңгейі: 2 ай

  • A2 деңгейі: 2 ай

  • B1 деңгейі: 4 ай

  • B2 деңгейі: 2 ай

  • C1 деңгейі: 2 ай
    Барлығы: 12 ай

📖 Оқуға қабылданғысы келетін үміткерлер алдымен Zoom арқылы онлайн форматта тест тапсырып, өз деңгейіне сәйкес курстан бастайды.

file
file