Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетіне шетелдік ғалымдар келді

21.10.2025 142

Басқарма төрағасы–ректоры Саламат Идрисов Иран Ислам Республикасының Гилян университеті орыс тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, PhD-доктор Мехтиханлы Севиндж пен Литва Республикасының Витаутас университеті тарих кафедрасының профессоры, гуманитарлық ғылымдар докторы Домининкас Бурбаны қабылдады.

Кездесу барысында университеттің ғылым мен білім саласындағы басым бағыттары таныстырылып, қос диплом бағдарламасы, академиялық ұтқырлық, тағылымдама және тәжірибеден өту мәселелері талқыланды. Сондай-ақ шетелдік ғалымдармен бірлескен ғылыми жобаларды жүзеге асыру мүмкіндігі қарастырылды.

Қонақтар Атырау университетінде бір ай көлемінде дәрістер оқып, студенттер мен оқытушыларға семинарлар өткізді. Бұл өз кезегінде халықаралық әріптестікті дамытуға және ғылыми байланыстарды кеңейтуге жол ашты.

file
file
file
file