Артқа қайту QS Тұрақты даму

QS Тұрақты даму

Университетте QS Sustainability Rankings халықаралық рейтингі аясында жүйелі жұмыс жүргізілуде. Университеттің білім беру, ғылыми және басқарушылық қызметіне тұрақты даму қағидаттарын кіріктіруге бағытталған нақты іс-шаралар жүзеге асырылуда.

Рейтингтің негізгі индикаторлары бойынша (экологиялық әсер, әлеуметтік жауапкершілік және басқару сапасы – ESG тәсілдері) деректерді жаңарту және верификациялау жүргізілуде. Экологиялық саясатты дамытуға, көміртек ізін азайтуға, инфрақұрылымның энергия тиімділігін арттыруға және «жасыл» технологияларды енгізуге ерекше назар аударылады.

Білім беру саласында тұрақты даму, климаттық күн тәртібі және әлеуметтік жауапкершілік салаларында құзыреттерді қалыптастыратын пәндер мен білім беру бағдарламаларының ауқымы кеңейтілуде. БҰҰ-ның Тұрақты даму мақсаттарына сәйкес ғылыми-зерттеу қызметі күшейтіліп, оқытушылар мен зерттеушілердің халықаралық басылымдардағы жарияланым белсенділігі артып келеді.

Университет академиялық ұтқырлықты, халықаралық ынтымақтастықты және тұрақты даму саласындағы жобаларды іске асыратын ұйымдармен әріптестікті белсенді түрде дамытуды жалғастыруда. Сонымен қатар студенттер мен қызметкерлерді экологиялық, әлеуметтік және волонтерлік бастамаларға тарту жұмыстары жүргізілуде.

Осылайша, QS Sustainability Rankings рейтингіне қатысу университеттің халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттырудың, беделін нығайтудың және жаһандық жоғары білім стандарттарына сәйкес тұрақты институционалдық даму моделін қалыптастырудың стратегиялық құралы ретінде қарастырылады.