Артқа
Джумагельдиев Эдуард Тулегенович

Джумагельдиев Эдуард Тулегенович

аға оқытушы, п.ғ.м.

Өмірбаян

ДЖУМАГЕЛЬДИЕВ Эдуард Тулегенұлы – аға оқытушы, магистр. 1984 жылы 9 сәуірде Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Шортанбай селосында дүниеге келген. 1991 жылы мектеп табалдырығын аттап, 2002 жылы Шортанбай ауылындағы, Шортанбай орта мектебін бітірген. 2002 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне оқуға түсіп, 2006 жылы «Алғашқы әскери дайындық және дене шынықтыру мұғалімі» мамандығы бойынша оқытушы бөлімін бітіріп шықты. 2007-2008 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Қарулы Күштер қатарында, аэроұтқыр әскерлерінде әскери борышын өтеген. 2011 ж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне, Жайық мәдени спорт кешеніне инструктор лауазымына қабылданып, 2012 ж. «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» кафедрасының оқытушы лауазымына ауыстырылып 2012 ж. «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» кафедрасының аға оқытушысы лауазымына ауыстырылды. 2017-2019 ж. аралығында Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітіріп, алғашқы әскери дайындық мамандығы бойынша, педагогика ғылымдарының магистрі атағы берілді. 2019 жылдан бері Х. Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» кафедрасының аға оқытушы, алғашқы әскери және технологиялық, дене шынықтыру мамандық бойынша бас маман қызметін атқарып келеді. Э.Т.Джумагельдиевтің 2 оқу-әдістемелік құралы және 20-дан астам ғылыми-әдістемелік еңбектері жарық көрген. Марапаттары: - Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті ректорының алғыс хаты (2020 ж.), - Қалалық маслихатының алғыс хаты Атырау қ. (2023 ж.), - Атырау Облыстық маслихатының алғыс хаты (2024 ж.), - Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғарғы білім министрлігінің алғысы Астана (2024 ж).