Артқа
Лукпанов Саламат Утемисович
волейбол жаттықтырушысы, аға оқытушы
Өмірбаян
ЛУКПАНОВ Саламат Утемисович - аға оқытушы, магистр. 1983 жылы 27 шілде күні Атырау облысы Индер ауданда дүниеге келді.
Педагогика ғылымдарының магистрі (2019 ж). Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің Жаратылыстану факультетін Бастапқы әскери дайындық және дене шынықтыру мамандығы бойынша бітіріп шықты (2001-2006 жж). 2017-2019 жж. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін 6М010800-Дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алып шықты. «Тәуелсіз Қазақстандағы бокс спортының даму мәселелерінің физиологиялық негіздемесі» тақырыбында магистрлік диссертациясын қорғады.
2005-2012 жылдары Каспий өңірінің қазіргі замандағы колледжінде оқытушы, 2012 жылдан бастап Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде қызмет етеді. Қазіргі таңда «Дене тәрбиесі және бастапқы әскери дайындық» кафедрасында аға оқытушы болып қызмет атқарады. Волейбол ойынынан университет құрамасын жасақтап, республикалық жарыстардан жүлделі орындар алып келеді. Еңбек ету барысында республикалық, халықаралық, алыс-жақын шет мемлекеттердің басылымдарына бірнеше ғылыми мақалалары жарық көрді.
Бірнеше біліктілікті арттыру курстарынан өткен, Халықаралық және республикалық журналдарда 30-дан астам ғылыми мақалалары жарық көрген.