Артқа
Аксериков Ганимат Есжанулы
воллейбол жаттықтырушысы, аға оқытушы
Өмірбаян
АКСЕРИКОВ Ганимат Есжанович - аға оқытушы. 1973 жылы 5 сәуірде Гурьев (қазіргі Атырау) облысы, Индер ауданы, Жарсуат селосында дүниеге келген.
Махамбет атындағы орта мектебін (1980-1990 ж.) бітірген. 1990 жылы Атырау педагогика институтына «Дене шынықтыру» мамандығына оқуға түсіп, 1994 жылы педагогикалық институтың аталған мамандығы бойынша бітіріп шықан. «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша педагогика ғылымының магистрі. Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетін (2016-2018 ж.) бітірген. 2005 жылы Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіне «Дене тәрбиесі» кафедрасына жұмысқа орналасып, осы аталған кафедрада 2019 жылға дейін дене шынықтыру пәнінін аға оқытушы мұғалімі болып қызметін атқарды. 2020-2021 жылы аралығында «Дене тәрбиесі» кафедрасының менгерушісі болып жұмыс жасады. Қазіргі таңда «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» кафедрасының аға оқытушысы болып жұмыс жасайды. 20-дан астам ғылыми-әдістемелік еңбектері жарық көрген.
Марапаттары: Білім және ғылым спорт министрлігі алғыс хаты (2017 ж.), «Спорт жұлдыздары» журналы алқасының шешімімен «Дене тәрбиесінің үздік мұғалімі» (2018ж.), Қалалық маслихатының алғыс хаты Атырау (2019 ж), Облыстық маслихатының алғыс хаты Атырау (2020 ж.), Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің «Университет дамуына сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталған (2023ж.)