Артқа
Кайргожин Дулат Уразбаевич
жеңіл атлетика жаттықтырушысы, аға оқытушы
Өмірбаян
КАЙРГОЖИН Дулат Оразбайұлы - аға оқытушы, магистр. 1986 жылы 4 тамыз күні Гурьев (Атырау) облысы, Қызылқоға ауданы, Қаракөл ауылы дүниеге келді. Қаракөл орта мектебінде оқыған.
1992-2003 ж.ж Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің жаратылыстану факультетіне түсіп, аталған университетті дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша аяқтады (2003-2007 ж.ж.)
Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі кафедрасында оқытушы (2012-2015 ж.ж). Орал қаласындағы Батыс Қазақстан инновациялық - технологиялық университетінің дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша магистратураға түсіп, дене шынықтыру мамандығы бойынша аяқтады (2015-2017 ж.ж). Дене тәрбиесі кафедрасының аға оқытушы лауазымына ауысты (2016 ж.ж.). Алматы қаласындағы Қазақтың спорт және туризм академиясының дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша докторантураға түсті (2017 ж.ж.) Рессей мемлекетінің Омбы қаласындағы Сібір мемелекеттік дене шынықтыру және спорт университетінің «Дене тәрбиесі және спорт теориясы мен әдістемсі» кафедрасында ғылыми-зерттеу стажировкасынан өтті (2019 ж.ж.). «Дене шынықтыру сабақтарында жоғары сынып оқушыларының танымдық дербестігін дамытудың педагогикалық шарттары» тақырыбында диссертациясын жазып, докторантураны аяқтады (2020 ж.ж.). Атырау қаласындағы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасына аға оқытушы лауазымына орналасты (2020 ж.ж). 12 ғылыми мақалалары жарық көрген. «Дене шынықтыру сабақтарында оқушылардың танымдық дербестігін дамыту» оқу құралы (2022 ж.).
Марапаттары: Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі Мақтау грамотасымен марапатталды (2024 ж.)