Артқа
Калдыбаева Айман Ашировна

Калдыбаева Айман Ашировна

аға оқытушы, магистр.

Өмірбаян

ҚАЛДЫБАЕВА Айман Әшірқызы - аға оқытушы, магистр. 1970 жылы 5 маусымда Гурьев (қазіргі Атырау) қаласы дүниеге келді. 1987 жылы Атырау қаласының С.Мұқанов атындағы № 10 орта мектепті бітіріп, политехникалық колледжісіне мұнай саласының техник – операторы мамандығы тапсырып, 1991 ж аталған мамандық бойынша диплом алып шықты. 1992ж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде лаборант қызмет атқарды. 1992ж. Атырау педагогикалық институтына түсіп, 1997 жыл Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде қазақ тілі мен әдебиетінің мұғалімі мамандығы бойынша диплом алды. 2016ж. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, дене шынықтыру және спорт мамандығы бойынша білім бакалавры. 2019ж. Педагогика және психология мамандығы бойынша педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесі берілді. 2019ж. қыркүйек айынан бастап Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының мұғалімі. 2020-2022 ж.ж. - Инновациялық білім беру факультетінің тәрбие ісі жөніндегі декан орынбасары. Қәзіргі таңда Инновациялық білім беру факультеті, Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық кафедрасының сеньор лекторы, магистр. Марапаттары: Алғыс хат (Нұр-Отан, 2019 ж.), Ректор алғыс хаты, (2020 ж.), Облыстық білім беру саласын дамытуға қосқан үлесі үшін, Құрмет грамотасы (2022 ж.), Спорт саласын дамытуға қосқан үлесі үшін, алғыс хат, (2022 ж), Кәсіподақ үйымының алғыс хаты (2023ж).