Артқа
Хабиров Рафаэль Ралитович
аға оқытушы
Өмірбаян
ХАБИРОВ Рафаэль Ралитович – аға оқытушы, магистр. 1974 жылы туған, білімі – жоғары.
2002 жылы Қазақ спорты және туризм академиясын «Дене тәрбиелеу мәдениеті оқытушысы, күрес жаттықтырушысы» мамандығы бойынша бітірген.
2002-2005 ж.ж. Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университеті, 2005-2007 жж. Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, 2015 жылдан бастап күні бүгінге дейін Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» кафедрасында оқытушы, аға оқытушы қызметтерін атқарып келеді. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының бағытына сәйкес бірнеше ғылыми мақалалары халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциялар материалдарында жарияланған.
Р.Р.Хабиров ұстаздық еңбекте тәжірибе жинақтай жүріп, кәсіби маман ретінде теориялық, әдістемелік білімін ұдайы жетілдіріп отырады. Атап айтқанда, 2012 жылы РМҚК «Бұқаралық спорт түрлері бойынша жоғары спорт шебері Республикалық мектебінде» қазақ күресінен жаттықтырушы – оқытушы мамандығы бойынша, 2017 жылы ҚР Білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында «Заманауи педагогикалық технологиялар» тақырыбында ЖОО педагогикалық мамандықтар оқытушыларының біліктілігін арттыру курстары және т.б. өтіп, тәжірибе жинақтаған. 2014 жылы Астана қаласындағы ҚР – ның қазақ күресі федерациясының бас менеджері, Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы X Азия чемпионатының ұйымдастырушысы, РФ Оренбург қаласында өткен V Әлем чемпионаты, Павлодар қаласында қазақ күресінен өткен «ALEM BARYSY 2014» турнирі, Евразия Барысы турнирлерінің ұйымдастырушысы.
Қазақ күресін дамыту мен насихаттауға, елімізде дене шынықтыру мен спорт саласында дамытуға қосып жүрген еңбегі үшін ҚР БжҒМ Алғыс хаттары мен Құрмет грамоталары, Азия құрлығы Қазақ күрес федерациясынан «Қазақ күресін дамытуға қосқан үлесі үшін», «Қазақ спорт және туризм академиясының дамытуға қосқан зор үлесі үшін» және Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің дамуына сіңірген еңбегі үшін төс белгілерімен марапатталған. Самбо федерациясының «Құрметті спорт ардагері», соныме қатар дүниежүзілік қазақ күрес федерациясының 2014 ж. қазақ күресінен Халықаралық дәрежедегі төреші атағы берілген.