Артқа
Мамбетов Нуролла

Мамбетов Нуролла

п.ғ.к., қауымдастырылған профессор м.а.

Өмірбаян

МАМБЕТОВ Нуролла - педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор. Манаш ауылы, Новобогат ауданы(Исатай), Гурьев(Атырау) облысы, 1947 жылы 12 наурыз дүниеге келген. 1966-1970ж.ж Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институты педагогика факультетінің жеңіл атлетика мамандану бөлімінде оқыды. 1970-1971ж.ж Гурьев медицина училищесінде дене тәрбиесінің оқытушысы. 1971-1982 ж.ж Гурьев педагогикалық институты дене тәрбиесі кафедрасында аға оқытушы.1982-1989 ж.ж «Спорт пәндері» кафедрасында аға оқытушы, биология және химия факультетінде деканның орынбасары қызметін атқарды.1989-2016 ж.ж «Дене шынықтыру және бастапқы әскери дайындық» кафедрасының меңгерушісі. 2016 жылдан бастап қауымдастырылған профессор қызметін атқарушы. 1986-1990 ж.ж Москва қаласының «Тәрбиелеудің жалпы өзекті мәселелері (НИИ)» ғылыми-зерттеу институтында «Әскерге дейінгі жастардың денесінің дайындығын жоғарылату ерекшеліктері» тақырыбы бойынша осы аталған институттың лабораториясында профессор И.Ф.Выдриннің басшылығымен ғылыми жұмыстармен айналысты. 1996 жылдан бастап «Экологиясы қолайсыз аймақтағы студенттермен дене тәрбиесі сабағын өткізу ерекшеліктері» тақырыбы бағытында зерттеп, 1998 жылы Алматы дене шынықтыру академиясының диссертациялық кеңесінде сәтті қорғап шықты. Ғылыми жетекші профессор, педагогика ғылымдарының докторы Л.И.Орехов. Осы уақыттар аралығында Республикалық және халықаралық деңгейдегі ғылыми- практикалық баспалардан 90- нен астам ғылыми мақалалар шықты және біріккен авторлықпен 2 монография жарық көрді. Марапаттары: - Қазақ СРО Жоғарғы кеңесінің шешімімен « Тың жерлерді игеру» медалі (1973 ж.); - Қазақ Республикасы білім министрлігі «Білім ағарту саласының үздігі» белгісі (1993 ж.); - ҚР туризм және спорт жөніндегі Агенттігі « Қазақстанның құрметті спорт қайраткері» төсбелгісі (2003 ж.); - ҚР Білім және ғылым министрлігінің «Дене тәрбиесі ұлттық ғылыми-практикалық орталығы» төсбелгі (2007 ж.); - «ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері» төсбелгі (2008 ж.); - «Құрметті спорт ардагері» төсбелгі (2015ж.); - ҚР мәдениет және спорт министрлігі «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төсбелгі (2015ж.); - «Университет дамуына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгі (2017ж.); - Авиация генерал-майоры Талғат Бигелдинов медалі (2017ж.); - Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің төсбелгі (2017ж); - «Университет дамуына сіңірген еңбегі үшін» Х.Досмухамедов Алтын медалі (2022 ж.); - Атырау облыстық ардагерлер кеңесінің «Қас батыр» медалі (2022ж.)