Артқа
Cултангалиева Айгуль Екибаевна

Cултангалиева Айгуль Екибаевна

магистр, оқытушы

Өмірбаян

Султангалиева Айгуль Екибаевна - аға оқытушы, магистр. 1975 жылы 6 қыркүйек күні Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор поселкесінде көпбалалы отбасында дүниеге келді. 1993 жылы Ш. Уәлиханов атындағы орта мектепті тәмәмдады. 1993–1997 жыл аралығында Х. Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде білім алды. Еңбек жолын жалпы білім беру ұйымдарында, колледжде педагог- психолог, «Аналар үйінде» психолог қызметін атқарды. 2012–2014 ж.ж. аралығында Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің магистратурасына «Педагогика және психология» мамандығы бойынша магистратураға түсіп, «Педагогика ғылымдарының магистрі» ғылыми дәрежеге ие болды. 2017 жылдан күні бүгінге дейін «Х.Досмұхамедов атындағы Атырау Университеті» КеАҚ оқытушы, аға оқытушы, сеньор-лектор болып еңбек етіп келеді. 2022 жылдан күні бүгінге дейін білім алушылардың тәжірибеден өтуі бойынша кафедраның жауапты маманы. «Суициодология және дағдарыс психологиясы», «Лаңкестік психологиясы», «Әлеуметтік психология», «Практикалық психология және психологтың кәсіби этикасы», «Мектептегі психологиялық қызметті ұйымдастыру» және т.б.пәндерден дәріс оқып, практикалық сабақтар жүргізді. «Жасөспірімдерге арналған психологиялық–педагогикалық тренингтер» 1 оқу – әдістемелік құралы, Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысына 2 мақала, Scopus басылымына 1 мақала, МОК 1 пәннен, халықаралық ғылыми-практикалық конференцияларға 8 мақала жарық көрген.